Іс-шаралар » КГУ "Средняя школа имени С.Аманжолова"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Аманжолов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-23-25
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-23-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тыл ардагеріне көмек көрсетіп қайтты
28
апрель
2017
Тыл ардагеріне көмек көрсетіп қайтты
26.04.2017 күні 9-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тыл ардагерлеріне көмек көрсетіп қайтты. Тыл ардагері Нургалиева Куляндаш апамыздың сұрауы бойынша тезек тасып, жинауға көмектесті. Балаларға Куляндаш апамыз соғыс уақытында бастан кешкен оқиғаларын айтып, көптеген мәліметтер берді. Оқушылар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, апамызбен қызу әнгіме жүргізді. [center]
Ауыл мешітін тазалап көмек көрсетті
27
апрель
2017
Ауыл мешітін тазалап көмек көрсетті
    27.04.2017 күні 9-сынып оқушылары сынып жетекшісі Қырықбаева М. Н-мен бірге ауыл мешітіне барып көмек көрсетіп қайтты.Ұлдар ауыр жүктерді көтеріп сыртқа шығарып, кілемдерді қағуға көмектесті. Қыздар еден жуып, жиһаздардың шаңын сүртіп мешіт ішіне тазалық орнатты. Ауыл мешітінің молдасы Шаяхмет атамыз балалардың ниетіне риза болып , оқушыларға батасын берді.          
Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны
24
апрель
2017
Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны
«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ 24.04.2017 жылы С. Аманжолов атындағы орта мектепте «Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны» тақырыбында оқушылармен ауызша журнал өткізілді. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара 9-сынып оқушыларының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Қырықбаева Меруерт Нурланқызының баяндамасымен басталды. Әрі қарай 9-сынып оқушылары видео көрсетіп, Ахмет Байтұрсұновтың өмірбаянымен таныстырды. Келесі кезекте 6-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсұновтың
Оқушылармен экскурсия жасап қайтты
22
апрель
2017
Оқушылармен экскурсия жасап қайтты
22.04.2017 жылы  9-сынып оқушылары география пәнінің мұғалімі Қырықбаева М. Н -мен бірге ауылға экскурсия жасап қайтты. Шляпа тауына шығып қызықты уақыт өткізді.Мұғалім оқушыларға табиғат кешені, климат, экология, қоршаған ортаны қорғау туралы мағлұматтар беріп, сабақпен аймақтық компонентті ұштастырды.