Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны » КГУ "Средняя школа имени С.Аманжолова"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Аманжолов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-23-25
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-23-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны
24
апрель
2017

Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ

24.04.2017 жылы С. Аманжолов атындағы орта мектепте «Ахмет Байтұрсұновтың балалар әдебиетіндегі орны» тақырыбында оқушылармен ауызша журнал өткізілді. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара 9-сынып оқушыларының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Қырықбаева Меруерт Нурланқызының баяндамасымен басталды. Әрі қарай 9-сынып оқушылары видео көрсетіп, Ахмет Байтұрсұновтың өмірбаянымен таныстырды. Келесі кезекте 6-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсұновтың өлеңдері жайлы мағлұмат беріп, «Анама хат» өлеңін мәнерлеп оқыды. Іс-шараны 7-сынып оқушылары жалғастырып, «Қырық мысал» , «Маса» өлеңдер жинағы жайлы толық мағлұмат беріп, қандай бағытта жазылғанын айтып кетті. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді дегендей Ахмет Байтұрсұновқа қаланған ескерткіштер мен ақынның атындағы университет және музейлер туралы мағлұматпен 8-сынып оқушылары таныстырды. Мектебімізде ақынның ізін жалғаушы ұрпақтары 5-сынып оқушылары- Аманбек Сұңғыла, Жанарбек Бүрлен, 9-сынып оқушысы-Тоимбаева Шынар, 10-сынып оқушысы- Бекболат Марғұлан ұлы тұлға Ахмет Байтұрсұновқа арнап жазған өлеңдерін оқыды. Іс-шара мектеп кітапханашысы Роза Советхановнаның сөздерімен қорытындалды.