«Топтық жұмыстың тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу» тақырыбында аймақтық семинар
«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ
14.04.2017 жылы С. Аманжолов атындағы орта мектепте «Топтық жұмыстың тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға 5 мектептен 17 мұғалім келді. Алдымен мектеп директоры Исканова Назигуль Ермековна семинардың ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі. Келген қонақтарға мектептің музыка пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Семинарда үшінші деңгейлік курс бітірген бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері - А.К.Мырзабиева 4 - сыныпта математика пәнінен жыл бойы өткенді қайталау бойынша «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеті» тақырыбында, 5- сыныпта орыс тілі пәнінен А. Т. Ислямова «Виды предложений по цели высказывания» және Н. Б. Кайсенов 9-сыныппен дене шынықтыру пәнінен «Допты жоғарыдан соғып, тордан өткізуді үйрену (подача)» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Мектеп директорының оқу ісі жөнінде орынбасары Г. Т. Садуакасова семинарға келген ұстаздармен «Топтық жұмыстың ерекшелігі» тақырыбында коучинг өткізді. Шараға семинардың кураторы, аудандық оқу бөлімінің әдіскері Р. А. Кабдугалиева қатысты. Мектеп атынан келгендерге мектеп директоры И. Н. Ермековна сертификаттар табыстады. Келгендер семинарға жоғары баға берді.




